26.12.2023ж. К-49 оқу тобы «Студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибенің алатын орны» тақырыбында байқау практикасы бойынша қорытынды конференция өткізді. Студенттер Жезқазған қаласындағы №1жалпы білім беретін мектепте информатика пәнінен өткізген сабақтары жайлы, яғни қысқа мерзімді жоспарлар, психологиялық ахуал,тақырыптың ашылу мазмұны, кері байланыс түрлері, сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер, интернет ресурстар, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілген сергіту сәттері, рефлексиялар жайлы ой-пікірлерін ортаға салды.
Практика уақытындағы жағдаяттар, оларды шешу жолдары жайлы ой түйіндеді. К-49 оқу тобына алдағы Мемлекеттік іс-тәжірибені сәтті өтіп келулеріне тілектеспіз!
К-49 байқау практикасы.vid

Бүгін, 2023 ж. 27 желтоқсан күні 4 курс БМ-49 оқу тобының білім алушылары
03.11-21.12.2023 жыл аралығында № 8 гимназияда өткен «Байқау практика» қорытындысы бойынша конференция өткізді. Практика барысында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді, түрлі желілік платформаларды тиімді пайдалана білгендерін, кездескен проблемалық жағдаяттардан шебер шыға білгендерін айта келіп, бастауыш сыныптарда өткізген сабақттардан үзінді көрсетті. Сондай-ақ қысқа мерзімді жоспарды талапқа сай құра білу іскерлік дағдылары арта түскенін байқатты және колледж оқытушыларының теориялық білімді терең беріп, үнемі практикамен байланыстыра отырып дәріс бергендеріне ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар 3 курс білім алушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жүйелі жауап беріп, өздері жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті.
4 курс білім алушыларының алдағы «Диплом алды» практикаларына сәттілік тілейміз.
Байқау практикасының қорытындысы БМ-49.vid

2023 ж. 28 желтоқсан күні ИН-29 оқу тобы “Сыныптан тыс жұмыс технологиясы” практика қорытындысы бойынша конференция өтті. Білім алушылар алғашқы тәжірибелерінде түрлі бағытта жүргізген жұмыстары, тәрбие сағаттары, жекелеген оқушылармен жұмыс, ата-ана жиналысы т.б. өткізу жүйесі, қолданған әдіс-тәсілдері, алған әсерлерімен бөлісті.
Оқу тобының практикасы өз дәрежесінде педагогикалық талапқа сай жүргенін, алдағы уақытта кез-келген практикадан өтуге кәсіби шеберліктерін шыңдай түскенін байқауға болады.
Білім алушылардың алдағы уақыттағы оқу-тәжірибе жүйелеріне сәттілік тілейміз.
Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ИН-29.vid
ИН-29 практика в школе.vid

Бүгін ш-29 оқу тобы “ Сыныптан тыс жұмыс технологиясы” бойынша практика барысының қорытындысы ретінде конференция өткізді. Оқу тобы қаламыздағы №13 орта мектептен тәжірибеден өтті. Студенттер мектептен үйренгендерін, өздерінің тәжірибе барысында жүргізген жұмыстарымен бөлісті. Оқу тобының практикасы өз дәрежесінде жақсы өткен, практика жетекшісі Б. А. Ашманова
Сыныптан тыс жұмыс технологиясы Ш-29 тобы.vid
Оқу жұмыс жоспары.pdf