Бүгін, 20.11.2023 жылы «ОҚУҒА ҚҰШТАР КОЛЛЕДЖ» колледждің жылдық жоспары бойынша БМ-9 тобында “Топтың үздік оқырманы” конкурсы өтті. Конкурс 5 бөлім бойынша өрбіді, 4 топқа бөлініп, әдебиет майталмандарының өмірбаянына шолу жасалып, студенттер оқыған көркем әдеби кітаптарын ортаға салып, берілген тапсырмалар бойынша постер қорғап, түрлі тапсырмалар орындалды. Ең бастысы топтың үздік оқырманы анықталып, марапатталды. Топ кураторы Октябрь Самал

#топтың_үздік_оқырманы #кітап_асыл_қазынамыз #Оқуға_құштар_білім_алушыларымыз
https://youtu.be/QYi--B-PmrE
https://youtube.com/shorts/9O2yMzZjzvA?feature=share

2023 жыл қарашаның 24-і күні Жезқазған гуманитарлық колледжінің БМ-10 оқу тобында "Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын" әдеби кейс ұйымдастырылып, онда Оралхан Бөкей шығармалары бойынша ұлттық құндылық мәселесі қозғалып, студенттердің көзқарасы мен пікірлері тыңдалды.

Мен кітапты ашамын. Мен әлемді танимын.vid

Бүгін, 11.12.2023ж. күні "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында М.Ж.Айтуарованың ұйымдастыруымен К-9 тобы білім алушыларымен бірге "Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады" тақырыбында кітапханалық квилт өтті. Квилт барысында білім алушылар өздерінің оқыған кітаптарының қызықты тұстарын жарыса айтып, өз ойларымен бөлісті. Соңында пікірлерін, тілектерін стикерлерге жазып, алғыстарын білдірді.

Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады.vid

БАҚ фракциясының ұйымдастыруымен колледжімізде «Оқуға құштар колледж аясында» 1-2 курстар арасында «Менің үйімдегі кітапханам» атты бейнероликтер байқауы өтті.📚🤓
Байқауға қатысқан студенттер номинациялармен марапатталды.🤩🤩🤩
1.«Үздік оқырман » номинациясын БМ-20 оқу тобының студенті Сәрсенбайқызы Інжу;
2.«Үздік бейнеролик » номинациясын БМ-9 оқу тобының студенті Отжан Хадиша ;
3.«Ұшқыр ой» номинациясын Бм-9 тобының студенті Асылбек Алмагүл мен Ш-9 оқу тобының студенті Сейдуали Асанәлі иеленді.🥳🤩
Байқауға белсене қатысқан студенттерге алғысымызды білдіреміз.💐
Менің үйімдегі кітапханам.vid

“Оқуға құштар колледж” республикалық әлеуметтік- педагогикалық жоба аясында МДБ-21 тобы “ Отан тарихы әдебиеттерде” тақырыбында оқырмандар конференциясын өткізді. Оқырмандар Тұрсынхан Зәкеннің “Көк бөрілердің көз жасы”, Рахымжан Отарбаевтың “Шыңғысханның көз жасы”, Қажығали Мұхамбетәлінің...шығармалары бойынша өз баяндамаларын ұсынды. Кітапханашы А.Т.Шахманова оқырмандар назарына кітапханаға жаңадан түскен тарихи шығармаларды ұсынды.4 студент өзінің баяндамаларымен таныстырды.
Отан тарихы әдебиеттерде.vid

БМ-20 тобының білім алушылары «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «2012-2024 жылдары оқыған ең қызықты кітап” тақырыбында #book-slam өткізді. Қатысушылар 10 жылдан бері қазақ қоғамында ұмытыла бастаған рухани дүр жауһарларымызды қайта басумен шұғылданатын @otbasyhrestomatiasy баспа үйінің кітаптарымен танысты. Даналық пен даралықты насихаттайтын, мән іздеген жандарға арналған экзистенциялық әдебиеттерді дәріптеуге, отбасы құндылығын, қисса дәстүрін насихаттайтын баспа үйінің туындылары ешкімді бей-жай қалдырмады. Іс-шараға Шарманов кітапханасының өкілі қатысып, баланың көкірегін құндылыққа толтырып, ой-өрісін кеңейтетін фольклор, қисса-дастандардың тәрбиелік мәніне тоқталды. Алаш қайраткерлері бір ғасыр бұрын аударған әрі аталмыш баспа үйінде қайта басылып шыққан кітаптармен таныстырды. Соңында ең белсенді қатысушыға кітап тарту етті. Кітаптар таныстырылымы жоғары деңгейде өтті. #bookslam #оқуғақұштарколледж
https://youtube.com/shorts/An4l14oF_Po

https://youtu.be/_70U77TgCKQ

Бүгін, 25 қаңтар күні МДБ-20 тобының студенттері “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Менің қалам, сенің атауыңда тұрған не бар?” тақырыбында қала атауларына викториналық сұрақтар арқылы шолу жасады. Туған қаламыз - мысты өңір Жезқазғанның аталу тарихына үңіліп, сырына қанықты. #Оқуға_құштар_колледж
https://youtu.be/_70U77TgCKQ

Колледжіміздің БМ-29 тобының студенттері "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Менің үйімдегі кітапханам" тақырыбында өздері оқыған кітаптарымен таныстырып, кітаптың адам жанын тынышталдыратын рухани құндылық екенін айтып, өз пікірлерімен бөлісіп, оқырмандардың тағы бір көздерін жеткізді. #жезгум #оқуғақұштарколледж
https://youtu.be/QAXqOPBFaWA

Проект “Оқуға құштар колледж” 25.01.24 группа ИН-9 провела кураторский час по теме:”Мефедрон - новая опасность для молодежь”. Кураторский час был проведен в форме обсуждения,команда составили красочные кластеры и высказали свое мнение. #жезгум #оқуғақұштарколледж
https://youtu.be/fhcKMyHpYDY

Бүгін, 27 ақпан күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында оқу топтары арасынан озық білімді студенттерді анықтап, олардың көркем әдебиет оқуына қолдау жасау мақсатында ұйымдастырылған "Оқуға құштар топ" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара барысында БМ-9, ИН-9, ШР-9 топ студенттері өздерінің оқыған көркем шығармалары туралы баяндап, алған әсерлерімен бөлісті. «Кітап – білім бұлағы, Білім – өмір шырағы» деген қазақ даналығы бекер айтылмаған, кітапсүйер оқырман- жастарымыз оқығандарын ойға түйе білетіндіктерімен көзге түсті. Кәсіби маман болу жолында кітаппен қаруланып, білімдерімен топ жарарына сенім білдірдік.

14 ақпан- Халықаралық кітап сыйлау күні.📚🤩 Бүгін колледжімізде «Жігер»СП-нің және Ш-29 оқу тобының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла»акциясы өтті.
Колледж ұстаздары мен студенттері осы акцияға өз үлестерін қосты📚💐. Акция ақпан айы бойы жалғасады