1966 жылы 24 мамырда Жезқазған педагогиқалық училищесі Қазақ ССР министрлер Советінің №851-Р жарлығымен құрылды.

1994 жылы 8 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №8 қаулысына сәйкес педагогикалық училище педагогикалық колледж болып өзгертілді.

1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1601 қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 15 қантардағы №14 бұйрығына сәйкес Жезқазған педагогикалық, Сәтбаев мәдени ағарту, Жезқазған музыкалық колледждері біріктіріліп, Жезқазған гуманитарлық колледж болып қайта құрылды.

1998 жылы облыстық бюджеттен қаржыландыру мәртебесіне ие болып, Жезқазған гуманитарлық колледжі өз алдында жеке дербес оқу орны болып белгіленді.