06 қараша күні Жезқазған гуманитарлық колледжінің бітіруші топ студенттерімен Ұлытау облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Департаментінің «Жас мемлекеттік кызметші, таланттар пулы» жобаларын кеңінен насихаттау мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында Мемлекеттік қызмет Департаменті агентігінің бас мамандары Г.Р.Тусупова мен М.А.Шуанов түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім алушылар біршама сұрақтарына жауап алды.
#жезгум #кездесу