ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ұлытау облысы білім басқармасының «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК-сі педагогтердің бос және уақытша бос лауазымына КОНКУРС жариялайды (1 орынға- 18 сағат оқу жүктемесі, еңбекақы мөлшері: 171 308 - 206 916 тг, еңбек өтіліне байланысты).
- Орыс тілі және әдебиеті мұғалімі -1 бірлік;
- Химия - биология пәні мұғалімі - 1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
- Физика,математика пәні мұғалімі-1 бірлік (орыс тілін толық меңгерген);
- Технология пәні мұғалімі -1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
- Алғашқы әскери және технологиялық дайындық -1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
- Ағылшын тілі пәні мұғалімі-1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
- Тарих -1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
- Қазақ тілі және әдебиеті - 1 бірлік (қазақ және орыс тілін толық меңгерген);
Төмендегі тізімдегі бос орындарға конкурс өткізілмейді:
- Хатшы - 1 бірлік;
- Медбике - 1 бірлік;
- Лаборант-1 бірлік (уақытша);
- Еден жуушы - 1 бірлік (оқу ғимаратында).
Конкурсқа Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және төмендегі көрсетілген тізім бойынша құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады:
1) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 Бұйрығының 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720x480.
- Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
- Көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУҒА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КОНКУРС ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ ЖАРИЯЛАНҒАН СОҢҒЫ КҮННЕН БАСТАП ЖЕТІ ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ. ҚҰЖАТТАРДЫ КЕЛЕСІ МЕКЕН-ЖАЙ БОЙЫНША ЭЛЕКТРОНДЫҚ НЕМЕСЕ ҚАҒАЗ ТҮРІНДЕ ЖОЛДАЙДЫ:
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, 200000, Гагарин көшесі, 74.
Тел: 8(7102)41-07-61; 87478641672
Эл.пошта: zhez.gum.col_26@mail.ru