Бүгін, 2023 ж. 20 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Жұмаділдаева Наталья Васильевна іс-сапармен
Жезқазған гуманитарлық колледжіне келіп, колледж білім алушыларымен еркін форматта әңгіме сұхбат құрды. Кездесу барысында Наталья Васильевна колледж студенттерінің арасында отбасында мұғалімдер династиясынан студенттердің көптігіне және мұғалім мамандығын таңдағандарына ризашылығын білдіріп, мамандықтың қоғамдағы орны ерекше екенін, қалаған мамандыққа деген сүйіспеншілік, құштарлық болуын, үнемі басқаға үлгі-өнеге бола білу керектігін тілге тиек етті. Білім алушылар ойларында жүрген өзекті сұрақтарына жауап алып, алғыстарын айтты.

Вице министрмен кездесу.vid