Биылғы жыл алғаш рет Үкімет қаулысының бекітуімен Астана қаласында «Білім - тұрақты дамудың және ұлттың әлеуетін арттырудың инновациялық ресурсы»" атты республикалық педагогтер съезі өтті. Оған еліміздің 600-ге жүзге жуық мұғалімдері қатысты.
Съезд шеңберінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушы ұстаздарды мерекесімен құттықтап, еліміздің болашағы жарқын, дамыған мемлекетке айналуы үшін мұғалімдер аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.
Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру - маңызды міндет екенін баса айтып, білім беру саласына қатысты бірқатар маңызды мәселеге тоқталды. Съезд соңында Мемлекет басшысы үздік жетістіктері және Республикаға сіңірген еңбегі үшін бірқатар мұғалімдерге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын берді.
Съезге Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының қатарында Жезқазған гуманитарлық колледжінің тәжірибелі оқытушысы Г.К.Серикбаева да бар.
https://www.instagram.com/p/CyDGbBzMLIu/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==