Бүгін, 13.03.2024 ж. күні "Жезқазған гуманитарлық колледжі" КМҚК педагогтерді аттестаттау ережелеріне өзгертулер енгізу жайлы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі бұйрығының "Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары" жобасын талқылау, түсіндіру бойынша кеңейтілген өндірістік жиын өткізді.
Колледж әдіскері А.С.Достанбекова ереженің барлық негізгі тармақтары бойынша түсініктеме беріп, аттестаттауды өткізу тәртібі, ПББ тәртібі, өтпелі кезеңдегі педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) шарттары мен тәрітібіне тоқталды. Жиын соңында колледж оқытушыларының сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныстарын "Ашық порталға" жазуға болатынын ескертті.
@zhezgummetodist
#жезгум