Бүгін, колледжімізде “Отбасы хрестоматиясы” қорының негізін салушы, халқымыздың асыл мұрасын насихаттаушы, баспагер, ағартушы ғалым, шығыстанушы, логотерапевт @sanjarkerimbay мен психолог, тарихшы, ұстаз @seilbekmyrzabay кездесу өтті. Әңгіме алаңында қазіргі заманның басты мәселесі қуыскеуделік, тарихи тізбекке жалғану, жас буынды қазақи тәрбиемен өсіру жайында ой айтылып, болашақ педагогтерге бағыт-бағдар берілді. Білім алушылар қауымы өмірдің мәніне үңіліп, өркениеттің биігіне шығу жолы жайлы біраз мәлімет алып , ойларында жүрген түрлі сұрақтарға жауап алды. Сондай-ақ колледждегі «Жас толқын» үйірме мүшелері де халқымыздың мәдениетінің өркендеуі, тарихы, құндылықтары жайлы білімдерін ортаға салып, өмірін ел мүддесіне арнаған ұлт жанашырлары жайлы жазылған «Өзбекәлі және мәдени майдан» кітабынан хабардар екендіктерін байқатты. Кездесу соңы концерттік бағдарламаға ұласып, келген қонақтар алғыстарын білдірді.