Құрметті Рабигаш Жакияновна!
Жезқазған гуманитарлық колледжінің ұжымы Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды.
Колледжде қызмет еткен жылдары біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қостыңыз. Бұл салада Сіз мол тәжірибеңізбен, адал еңбегіңізбен ерекшелендіңіз.
Сіздің өмір жолыңыз қайырымдылық пен рақымдылық шапағатына толы әрі еліміздің алдында рухани-адамгершілік борышты өтеуге бағытталған.
Білікті мамандар даярлауға қосқан сіздің үлкен еңбегіңізді бағалаймыз. Әріптестер мен білім алушыларға деген ізгілік қарым-қатынасыңыз, қарапайымдылығыңыз әлі күнге жадымызда.
Құрметті Рабигаш Жакияновна, мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын. Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, немереден шөбере сүйіңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, балапандарыңыздың қуанышына бөленіп, ұзақ бақытты ғұмыр кешіңіз.