Кездесу
12.12.2023 ж.Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжінде Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Орта білім беру басымдықтары контексінде колледждерде педагогтерді даярлау» атты республикалық сұхбат алаңы өтті.
Сұхбат алаңға қатысушы педагогтер ауылдық және шағын жинақты мектептер педагог кадрларының сапасын арттыру жолдарын, орта білім берудің мазмұнын, педагогикалық колледждердің трансформациясын, сонымен қатар тәрбие мәселелерін талқылады.
Іс-шара соңында педагогикалық колледждер басшыларымен Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева кездесіп сұхбаттасты. Академия президенті Мадина Тыныбаева іс-шараны қорытындылай келе жаңа талаптарға сәйкес педагогикалық білім беруді дамыту қажеттілігін, жоғары білікті педагогтерді даярлау маңыздылығын және білім беру бағдарламалары сабақтастығын сақтауды баса атап өтті.