Бүгін, 2024 жыл сәуірдің 11-і күні «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК «Тіл, әдебиет және музыкалық білім беру оқыту әдістемелерімен» ПБК-ның «Тіл мен музыка – ұлт ғұмыры» атты апталығы аясында ұлтымыздың үш бәйтерегінің бірі – Сәкеннің мерейлі мерекесіне орай «Қазақтың сыршыл Сәкені» тақырыбында әнші,
ҚР еңбек сіңірген әртісі Серік Кәрібайұлы Оспановпен кездесу өтіп, лекция-концерт ұйымдастырылды.
С.Сейфуллинді зерттеуші, «Сәкен Сейфуллиннің музыкалық мұрасы» жинағының авторы Серік Кәрібайұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы және әндерінің шығу тарихы жайлы әңгімелей отырып, «Тау ішінде», «Біздің жақта», т.б. әндерін орындады.
Аталған іс-шара бойынша колледж студенттері сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар алды.
#жезгум #апталық #кездесу