Бүгін, 28 ақпанда "Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі" біліктілігі бойынша 4-курс білім алушылары кәсіби дайындық деңгейін көрсету, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында практика қорытындысы бойынша конференция өткізді.
Білім алушылар тәжірибе барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қаблетін арттыруда оқыту жүйесін кез- келген платформада үлкен шеберлікпен құрастыра білгендерін байқатты. Теориялық білімдерін практикамен ұштастырып кездескен түрлі жағдаяттардан шыға білген. Бітіруші топ білім алушыларының алдағы уақытта жақсы маман болатындарына сенім мол.