Бүгін, 2024 ж, 28 ақпан күні 2 курс К-29 оқу тобының білім алушылары 19.01-08.02.2024 жыл аралығында № 21 мектебінде өткен "Сыныптан тыс жұмыс технологиясы" қорытындысы бойынша конференция өткізді.
Практика барысында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді, түрлі желілік платформаларды тиімді пайдалана білгендерін, кездескен проблемалық жағдаяттардан шебер шыға білгендерін айта келіп, бастауыш сыныптарда өткізген сабақтардан үзінді көрсетті. Сондай-ақ тәрбие жұмыстарын талапқа сай құра білу іскерлік дағдылары арта түскенін байқатты және колледж оқытушыларының теориялық білімді терең беріп, үнемі практикамен байланыстыра отырып дәріс бергендеріне ризашылықтарын білдірді.