Бүгін «Педагогика, психология және жекелеген пәндерді оқыту әдістемесі» пәндік-циклдік комиссиясы апталығының жабылу салтанаты «Ауызша журнал» түрінде өтті. Бір айта кетерлігі, бұл ПЦК дәстүрге айналдырған «Педагог жаршысы» деп аталған «Ауызша журналдың» екінші саны.
Шара барысында бірлестік оқытушылары келушілер назарына өздері өзекті деп таныған материалдарын ұсынды, тәжірибелерімен бөлісті. Әсерлі де тартымды өткен іс шараға келген оқытушылар белсене қатысты, өз қызығушылықтарын білдіріп, қолдау көрсетіп отырды.
Әріптестеріміздің өз қоржындарын танымдық дүниелермен, пайдалы кеңестермен толықтырып қайтқандарына сеніміміз мол. Педагогика, психология және мектепке дейінгі тәрбие салалары, сонымен қатар танымдық материалдар мен пайдалы кеңестер топтастырылған журналдың кезекті саны сәтті шықты деген ойдамыз.