Әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану, дене тәрбиесі және оқыту әдістемесі пәндер бірлестігінің "Білімді ұрпақ- іргелі елдің кепілі" апталығы аясында, "Ауғанның отты жалыны" тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті. Кездесуге ауған соғысының ардагерлері Ильясов Рахым Даулетұлы, Кенжахметов Бахытжан Ыдырысұлы шақырылды.
Қонақтар кездесу барысында Ауған соғысында әскери борышын өтеген жауынгерлердің батырлығы мен ерліктері жайлы, өмірлерінің бір тарауы болып өткен соғыс туралы айтып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Жастарды бейбіт өмірді сақтауға, құрметтеуге шақырды. #Ауғансоғысыныңардагерлері #Ардагерлерменкездесу