Бүгін, 04 сәуір күні Жезқазған гуманитарлық колледжінде ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Бүкілармиялық кеңесте қойған әскерге қызмет беделін арттыру жөніндегі тапсырмасын қолдау мақсатында колледж студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Оған колледж АӘД оқытушысы Н.К.Алькенов және тарих пәні оқытушысы М.А.Темірбеков қатысып, Отанды қорғау ҚР азаматтарының негізгі міндеті екендігі туралы түсіндірме жұмыстар жүргізе отырып, әскери міндет, борыш, қазіргі таңдағы геосаясат туралы әңгіме-сұхбат өткізді.

#жезгум