Бүгін, 2024 ж. 15 ақпан күні 2-курс білім алушыларының қала мектептерінің бастауыш сыныптарында болған “Сыныптан тыс жұмыс технологиясы” практикасы бойынша қорытынды конференция өтті
Білім алушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, түрлі бағытта тәрбие сағаттары, жекелеген оқушылармен жұмыс, ата-аналармен жүргізген жұмыс жүйелерін айта келіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Практика барысында түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушылардың қызығушылығын арттырардай көптеген жұмыстар атқарған. Практика жүйесі бойынша жинақтаған портфолио мазмұны талапқа сай.
Алдағы уақытта өтетін кезекті практикаларына сәттілік тілейміз.
https://youtube.com/shorts/yytYAMu83js
https://youtube.com/shorts/ty7tFoSsuas?feature=share