Бүгін желтоқсанның 15-і күні Жезқазған гуманитарлық колледжінде «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында мерекелік іс –шара өтіп, колледж ұстаздары мен студенттері ерекше белсенділік танытты. Жастарымыз өткен тарихымызға шолу жасап, ата-бабамыздың армандаған ел тәуелсіздігіне қол жеткізген ең қуанышты мереке екенін сезіне білді.
Тәуелсіз мемлекет ретінде 32 жылда жеткен жетістіктеріміз де аталып, патриоттық әндер шырқалып, биден шашу шашылып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.
Тәуелсіздік- ел тұғыры.vid