Бүгін, 11.04.2024ж. күні Жезқазған жоғары политехникалық колледжінде Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің “Менің бауырым” волонтерлік жобасының ашылу салтанаты өтті. Семинарда Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары А.А. Құрмансейіт, «Өркен» балалардың әл-ауқатының ұлттық ғылыми-практикалық институтының директоры Е.Н.Имангалиев, педагогика ғылымдарының докторы, профессор К.А. Сарбасова, Халықаралық «Түркі тілдес» мұғалімдер ассоциациясының құрылтайшысы Л.Ж. Алдабергенова сөз сөйледі.
Семинар барысында «Менің бауырым» жобасының еріктілері алдымен арнайы тренингтерден өтіп, мектептерде балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу жөнінде тәлім алатыны жайында, олардың әрі қарайғы жұмысы патриоттық және экологиялық тәрбие беру, жауапкершілікті арттыру, мектепішілік қарым-қатынастарды нығайту, эмоционалдық интеллектіні, құқықтық, оқырмандық, қаржылық және IT сауаттылықты дамыту жөніндегі маңызды бағыттарды қамтитыны туралы айтылды.
Одан әрі сұрақ - жауап айдарымен жалғасып, еріктілер көкейдегі сұрақтарына жауап алды.
Қазіргі таңда біздің колледжімізде “Еріктілер клубы” белсенді жұмыс атқарады.
Жезқазған гуманитарлық колледжі “Менің бауырым” волонтерлік жобасын қолдайды!
#МеніңБауырым