2023ж. қазанның 12-сі күні Жезқазған гуманитарлық колледжінде «ОТБАСЫ - ТӘРБИЕ ҰЯСЫ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысты колледж директоры А.С.Исахова ашып, 1 курс білім алушыларының ата-аналарын оқу жылының ерекшелігі, ішкі тәртіп ережесінен хабардар етті. Жиналысқа Жезқазган қаласы ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны Есенгабулов Азат Маратұлы қатысып, құқық бұзушылықтың алдын-алу, болдырмау жолын жайлы мағлұмат беріп, ата-аналар тарапынан да бала тәрбиесін қадағалау керектігін ескертіп, ата-аналар сұрақтарына жауап берді.
Сондай-ақ, колледж психологі білім алушылармен жүргізілген сауалнамалар қорытындысымен бөлісіп, ата-аналарға психологиялық кеңестер берді.
Жиналыс соңында ата-аналар ұсыныс пікірлерін ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алды.

https://www.instagram.com/p/CyUEps_MMCS/?igshid=MmU2YjMzNjRlOQ==